• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Месяц: Май 2026

Жастар денсаулық орталығында «Репродуктивті денсаулық апталығы» аясында «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шара барысында ЖДО мамандары орталыққа келген жастарға репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша кеңес беріп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсат — жастардың денсаулығы туралы сауатын арттыру, жауапты көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. gp2 #mcz #жастардэнсаулығы #ашықесіккүні #репродуктивтіденсаулық #салауаттыөмірсалты

Құрметті тұрғындар!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 🌙 Бұл мейірім мен ізгіліктің, татулық пен берекенің мерекесі әр шаңыраққа амандық, қуаныш және молшылық әкелсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, жүректеріңізге тыныштық тілейміз. Құрбан айт қабыл болсын! 🤍 Ізгі тілекпен,№2 қалалық емхана ұжымы Құрбан айт 2026 жылы Қазақстанда 27–29 мамыр аралығында аталып өтуде.

📍Бүгін KORZINKA сауда орталығында
№2 қалалық емханасы мен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Денсаулық бұрышы» акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға:🔹 невропатолог, психолог және жалпы тәжірибелік дәрігерлердің кеңестері берілді🔹 артериялық қан қысымы мен қандағы қант деңгейі тексерілді🔹 медициналық бағыт-бағдар ұсынылды🔹 МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді Акцияға қатысып, денсаулығына бейжай қарамайтын барлық тұрғындарға алғыс білдіреміз 🤍Денсаулық — әр адамның ең басты байлығы!