• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Новости

2026 жылдың 4 маусым күні «№2 Қалалық емханасы» «Аманат» партиясы Бастауыш партия ұйымының есен беру – сайлау жиналысы өтті. Есеп беру жиынына партия ұйымына қарасты №19 бала-бақшасының топ жетекшісі, Кешкі мектеп топ жетекшісі қатысты.

Жиын барысында «№2 Қалалық емханасы» «Аманат» партиясы Бастауыш партия ұйымының төрайымы Тойшибекова Жеңіс Прмахановна есептік кезеңдегі атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері мен басым бағыттар айқындалды. Сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес, «Аманат» партиясы Тараз қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау мәселесі қаралды. Жиынға қатысқан партия мүшелерінің шешімімен конференция делегаттарының құрамы ұсынылған тізім бойынша …

2026 жылдың 4 маусым күні «№2 Қалалық емханасы» «Аманат» партиясы Бастауыш партия ұйымының есен беру – сайлау жиналысы өтті. Есеп беру жиынына партия ұйымына қарасты №19 бала-бақшасының топ жетекшісі, Кешкі мектеп топ жетекшісі қатысты. Читать полностью »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай №2 қалалық емханада салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында қызметкерлердің қатысуымен Мемлекеттік Әнұран орындалып, еліміздің басты нышандарына құрмет көрсетілді.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, ұлттық бірлігіміз бен елдік құндылықтарымыздың белгісі.

01 маусым 2026 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №2 қалалық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен емхана қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сабағы жүргізілді. Іс-шараға емханадағы жалпы тәжірибе дәрігерлер мен тар бейінді дәрігерлер қатысты.

Іс-шара барысында комплаенс-офицер медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау, пациенттерге сапалы әрі заң талаптарына сай қызмет көрсету және медициналық қызметтерді қосалқы мердігерлікке беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша мәселелеріне тоқталды. Комплаенс-офицер «Медициналық қызметтерді қосалқы мердігерлікке беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілгенін айттып қызметкерлерді жоспармен таныстырды.