• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Месяц: Июнь 2026

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай №2 қалалық емханада салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында қызметкерлердің қатысуымен Мемлекеттік Әнұран орындалып, еліміздің басты нышандарына құрмет көрсетілді.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, ұлттық бірлігіміз бен елдік құндылықтарымыздың белгісі.

01 маусым 2026 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №2 қалалық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен емхана қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сабағы жүргізілді. Іс-шараға емханадағы жалпы тәжірибе дәрігерлер мен тар бейінді дәрігерлер қатысты.

Іс-шара барысында комплаенс-офицер медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау, пациенттерге сапалы әрі заң талаптарына сай қызмет көрсету және медициналық қызметтерді қосалқы мердігерлікке беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша мәселелеріне тоқталды. Комплаенс-офицер «Медициналық қызметтерді қосалқы мердігерлікке беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілгенін айттып қызметкерлерді жоспармен таныстырды.

👩‍⚕️ Терапевтке қойылатын маңызды сұрақтар.

Әр адам білуі тиіс пайдалы ақпараттар мен дәрігер кеңестері осы видеода жинақталған. Денсаулығыңызға қатысты сұрақтардың жауабын бірге іздейік. 💙 Денсаулық – басты байлық! №2ҚалалықЕмхана #Терапевт #Денсаулық #ПайдалыАқпар