01 маусым 2026 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №2 қалалық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен емхана қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сабағы жүргізілді. Іс-шараға емханадағы жалпы тәжірибе дәрігерлер мен тар бейінді дәрігерлер қатысты.
Іс-шара барысында комплаенс-офицер медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау, пациенттерге сапалы әрі заң талаптарына сай қызмет көрсету және медициналық қызметтерді қосалқы мердігерлікке беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша мәселелеріне тоқталды. Комплаенс-офицер «Медициналық қызметтерді қосалқы мердігерлікке беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілгенін айттып қызметкерлерді жоспармен таныстырды.