🌈 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №2 қалалық емханада балалардың көңіл-күйін көтеру, мерекелік атмосфера сыйлау мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар түрлі қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталып, тәтті балмұздақтар таратылды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты сәттері мерекенің басты көркіне айналды. 💙 Барша бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әр бала бақытты балалық шақтың қызығын көріп, аман-есен өссін! ✨👧👦 БалалардыҚорғауКүні #1Маусым #№2ҚалалықЕмхана #БалаларБақыты #Мереке2026 #БалалықШақ