📍Бүгін KORZINKA сауда орталығында
№2 қалалық емханасы мен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Денсаулық бұрышы» акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға:🔹 невропатолог, психолог және жалпы тәжірибелік дәрігерлердің кеңестері берілді🔹 артериялық қан қысымы мен қандағы қант деңгейі тексерілді🔹 медициналық бағыт-бағдар ұсынылды🔹 МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді Акцияға қатысып, денсаулығына бейжай қарамайтын барлық тұрғындарға алғыс білдіреміз 🤍Денсаулық — әр адамның ең басты байлығы!