№2 қалалық емханада төтенше жағдайлардың алдын алу және қызметкерлердің және пациенттердің қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмі түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі практикалық түрде пысықталды.
Қызметкерлерге қауіпсіз орынға жасырыну, электр құралдарын сөндіру, сабыр сақтап, белгіленген эвакуациялық шығу жолдары арқылы ғимараттан шығу тәртібі көрсетілді. Жаттығу ұйымдасқан түрде өтті.Қызметкерлер белсенділік танытып, қауіпсіздік талаптарын сақтады. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдай кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.