1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!
Алғыс айту күні – бірлік пен мейірімнің, сыйластық пен ризашылықтың мерекесі. Бұл күн – бір-бірімізге құрмет білдіріп, шынайы алғысымызды жеткізетін ерекше сәт.
Біздің емхана ұжымы үшін әрбір пациенттің сенімі – ең үлкен жауапкершілік әрі мәртебе.
Осы мерекеде барша медицина қызметкерлеріне, ардагерлерге және денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, бізге сенім артқан әрбір тұрғынға рахмет айтамыз.
Алғыс айту – жүректің кеңдігін, адамгершіліктің биіктігін көрсетеді. Әр шаңырақта амандық, әр отбасында бақыт пен береке болсын. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге тыныштық тілейміз!
Ізгі ниетпен,
№2 Қалалық емхана ұжымы 🤍
Свежие записи
Задача: Надо набрать 5мл закрытыми глазами.
17.07.2026
Ұжым арасындағы көңілді сәттер 😊
14.07.2026
Жұмыс арасында бір күліп алайық:)
13.07.2026