Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасына қатысты өз қолдауымды білдіргім келеді. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, елдің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістер қоғам үшін аса жауапты қадам деп санаймын.Ұсынылған жоба азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, заң үстемдігін нығайтуға және мемлекеттік басқаруда ашықтықты арттыруға бағытталған. Бұл – әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды шешім.Мен Конституция жобасын қолдаймын, себебі ол еліміздің болашағына, бірлігі мен тұрақтылығына қызмет етеді деп сенемін. Әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, өз ұстанымын білдіруі қажет. Новости / От gp2admin