• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Новости

Жаңару күні 🌿✨

Бұл күн – табиғаттың оянып, тіршіліктің жаңаратын шағы. Адамдар өткенді артта қалдырып, жаңа үмітпен, таза ниетпен алға қадам жасайды. Жаңару күні – жүректі тазалап, ойды жаңартып, жақсылыққа ұмтылудың белгісі. Бұл күні бір-бірімізге жылы сөз айтып, реніштерді ұмытып, жаңа бастамаларға жол ашамыз. Әр шаңыраққа береке, әр жүрекке тыныштық тілейміз 🤲

Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы 🤍 Әрбір ұлттық нақыштағы киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, салт-дәстүріміздің көрінісі. Осындай күндер бізге тамырымызды ұмытпай, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын еске салады. Баршаңызды Ұлттық киімдер күнімен құттықтаймыз! Ұлттық рухымыз әрдайым биік болсын 🇰🇿 #ұлттықкиімдеркүні #наурыз2026 #қазақмәдениеті #ұлттыққұндылықтар #наурызмерекес

14 наурыз – Көрісу күні 🤝🌿

Бұл күн – қазақтың ежелден келе жатқан жақсы дәстүрлерінің бірі. Адамдар бір-бірімен қыстан аман шыққанына қуанып, қол алысып, құшақтасып: «Бір жасыңмен!» деп көріседі. Үлкендерге сәлем беріп, туыс-жақын, көрші-қолаңның үйіне барып амандасу – осы күннің басты мәні. Көрісу күні адамдар реніштерін ұмытып, бір-біріне денсаулық, ұзақ ғұмыр, береке тілейді. Бұл күн – татулықтың, сыйластықтың және жаңарудың белгісі. …

14 наурыз – Көрісу күні 🤝🌿 Читать полностью »