• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

gp2admin

2023 жылғы 19 қыркүйек күні «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының № 2 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлеріменен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасаған кездегі жауапкершілігі туралы жеткізу және түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
Сонымен қатар, № 2 қалалық емхананың комплаенс-қызметінің атқарылған жұмысымен танысып, бейнеролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» № 612 қаулысымен бекітілген Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларына сәйкес №2 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатыр.
Вакцинация-тұмаудың және оның асқынуларының алдын алудың және мемлекет үшін экономикалық зиянды азайтудың ең тиімді әдісі. Тұмауға қарсы Вакцинация «қауіп тобындағы» адамдарды негізгі аурудың асқынған ағымынан, ауруханаға жатқызудан, өлімнен қорғайды. Тұмауға қарсы вакцинациямен жоғары қамту ұжымдық иммунитетті қалыптастырады және эпидемияның пайда болуына жол бермейді.
Бүгінгі күнге №2 қалалық емхананың медицина қызметкерлері тұмауға қарсы екпемен 80 пайызға қамтылды.