№ 2 қалалық емхананың иммунолог-дәрігері Р.П. Семізбаева және эпидемиолог-дәрігері Ш.Ө. Кудебаева № 19 бала-бақшаның тәрбиешілерімен «Қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы. Қызылша ауруының белгілері, емделу жолдары және профилактикасы.» тақырыбында семинар жүргізді. Семинар барысында тыңдаушыларға қызылшаға қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы жетік түсіндірілді. Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің № 7 Қаулысымен таныстырып, қаулыда көрсетілгендей қызылшаның эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыруда жаппай қосымша иммундау жүргізудің рөлі атап өтілді. Новости / От gp2admin
2023 жылғы 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін бүкіл әлем атап өтеді. Осыған орай, 2023 жылғы 7 желтоқсан күні Тараз қаласында «Бақытты болашақ» оқушылар Сарайында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Жамбыл облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Парасатты қоғам – мемлекет дамуының кепілі» атты облыстық форум өткізілді. Аталған іс-шараға «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының № 2 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері, атап айтқанда, Бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Ұ.Б. Жумагалиева және заңгер-комплаенс офицері М.М. Момынкулов қатысып қайтты. Форумда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар туралы есеп берілді және алдыңғы кезеңге қойылған тапсырмалар туралы Новости / От gp2admin