• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Гульназ

N2ҚЕ-ның СӨС дәрігері Д.Қ.Байғаш, СӨС медбикесі С.А.Ыбырайымованың ұйымдастыруымен Тараз мамандандырылған колледж білімгерлерінің арасында «Салауатты өмір салтының негізі — дұрыс тамақтану», «Жеке бас гигиенасы» тақырыптарында дәріс оқылды.

Білімгерлерге «Ас — адамның арқауы» екендігі көше тағамдарынан аулақ болу керектігі жайында айтылды. Дұрыс тамақтанбаудың салдары әртүрлі ауруларға шалдықтырып, асқынуларға әкеп соқтыратындығы жайында түсіндірілді. Білімгерлер өздеріне қажет ақпарттармен толық қамтылды. Сұрақ-жауап алынынып, кері байланыс жасалды.

Қызылша инфекциясының алдын алу

Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады. Қызылша кезінде кейіннен бір біріне бірігетін, қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады. · Бірінші күні бөртпе …

Қызылша инфекциясының алдын алу Читать полностью »

N25 мектептің оқушылары арасында «Тұмау және ЖРВИ-дың алдын алу», «Нашақорлық — ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

N2 ҚЕ-ның СӨС дәрігері Д.Қ.Байғаш, СӨС медбикесі С.А.Ыбырайымова және жалпы білім бөлімінің құқық және тәрбие ісі жөніндегі мамандарымен бірлесіп, N25 мектептің оқушылары арасында «Тұмау және ЖРВИ-дың алдын алу», «Нашақорлық — ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Бейнеролик көрсетіліп,ақпараттық буклеттер таратылды.