Іс-шара барысында комплаенс-офицер медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау, пациенттерге сапалы әрі заң талаптарына сай қызмет көрсету және медициналық қызметтерді қосалқы мердігерлікке беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша мәселелеріне тоқталды. Комплаенс-офицер «Медициналық қызметтерді қосалқы мердігерлікке беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілгенін айттып қызметкерлерді жоспармен таныстырды.

