• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 

Сібір жарасының түрлері:
• тері түрі – қоздырғыш енген жердегі теріде жазылмайтын жара пайда болады.
• өкпе түрі – ауыр пневмонияның дамуымен сипатталады.
• септикалық түрі – қоздырғыш қанмен бүкіл ағзаға таралады, ең ауыр түрі.
Сібір жарасы қалай жұғады?
· тамақ өнімдері (ауру жұқтырған малдың етін, сүтін пайдалану) арқылы ауру жұғады және зақымдалған тері мен шырышты қабаттар арқылы жанасу (ауру малдың етін қасаптау) жолымен ауру жұғады. Адам ауру жануармен жанасқанда жұқтыруы мүмкін. Сібір жарасының адамнан адамға жұғуы мүмкін екендігі туралы ешқандай дәлел болмаса да, сібір жарасының нәтижесінде пайда болған тері зақымдары өте жұқпалы болуы мүмкін. 

Нені есте сақтау керек?
• Рұқсат етілмеген сауда орындарынан, ветеринариялық таңбасыз ет сатып алмау және сатушылардан ветеринариялық ілеспе құжаттарды сұрау;
• Мал қораны жинаған кезде, терімен, жүнмен, қылшықтармен және т.б. жұмыс істегенде бетперде тағу;
• Сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы — жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу; ( мал сою цехтары мен ет комбинаттарының; ветеринариялық клиникалардың; жануарлардың терісі мен жүні өңделетін кәсіпорындардың; сібір жарасын зерттеумен айналысатын зертханалардың қызметкерлеріне).
• Алдын ала ветеринариялық куәландырусыз ауыл шаруашылығы жануарларын аулада союға және жануарлардан алынатын шикізатты сатуға жол бермеу;
•  Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек, өйткені емдеу неғұрлым ертерек басталса, нәтижесі соғұрлым жақсы болады.
Есіңізде болсын: сібір жарасы өте қауіпті инфекцияболып саналады!

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.