• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді бірнеше тәсілмен тексеруге болады: fms.kz. сайтында, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе eGov.kz жеке кабинетте ЖСН нөмірі бойынша.

✅

 МӘМС төлемдері бойынша 12 айға толық үзінді көшірмені Телеграмдағы Saqtandyrubot арқылы алуға болады. «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» тармағын таңдап, ЖСН енгізу қажет.

✅

 МӘМС-ға төлем жасағаннан кейін мәртебе бірден өзгермейді, бірақ 3 жұмыс күні ішінде өзгереді. Медициналық ұйымға барар алдында міндетті түрде мәртебені қайта тексеру қажет.

✅

 Сақтандырылу мәртебесі соңғы төлем жасалғаннан кейін тағы 3 ай бойы сақталады. Алайда, бірінші мүмкіндік болған жағдайда, 3 ай өткеннен кейін мәртебесін жоғалтпау үшін осы кезең үшін жарна төлеу қажет болады.

✅

 Сақтандыру мәртебесін алу үшін соңғы 12 ай бойы төлемдерді жүйелі түрде жүргізу қажет. Егер кем дегенде бір айды өткізіп алса, мәртебе берілмейді.
Тек өзін-өзі жұмыспен қамтыған БЖТ төлеушілер ғана ерекшелік болып табылады.

✅

 Бірыңғай жиынтық төлемді қатарынан 3 ай бойы төлеген кезде тұрақты мәртебе үшінші айға беріледі және одан әрі тұрақты төлемдер болған жағдайда сақталады.

✅

 Кейбір Қазақстандықтарда сақтандырылудың жеңілдікті мәртебесін алу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда 15 жеңілдік санаты қарастырылған, олар үшін МӘМС-ға мемлекет аударымдар жасайды. Бұл туралы толығырақ ақпаратты біздің алдыңғы жазбаларымыздан таба аласыз.

✅

 Жеңілдік санаттарының бірі-жүкті әйелдер. Жүктілік бойынша мәртебесі болмаған жағдайда оларды учаскелік терапевт немесе жалпы практика дәрігері есепке қояды.

✅

 Егер Сіз БЖТ төлеуді тоқтатсаңыз немесе жеңілдікті санаттар тізімінен шықсаңыз, МӘМС жарналарын өз бетіңізше аударуды жалғастыра аласыз. Бірақ мәртебе алу үшін Сіз үзінді көшірмені тексеріп, бұрын өткізіп алған барлық айлар үшін ақы төлеуіңіз керек.

Свежие записи
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы 🤍 Әрбір ұлттық нақыштағы киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, салт-дәстүріміздің көрінісі. Осындай күндер бізге тамырымызды ұмытпай, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын еске салады. Баршаңызды Ұлттық киімдер күнімен құттықтаймыз! Ұлттық рухымыз әрдайым биік болсын 🇰🇿 #ұлттықкиімдеркүні #наурыз2026 #қазақмәдениеті #ұлттыққұндылықтар #наурызмерекес
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын №2 Қалалық емхананың қызметкерлеріне Тойшибекова Жеңіс Пірмаханқызы №2 Қалалық емхананың бас дәрігері, Керімбаева Дүйсенкүл Керімқұлқызы – «Жан Шуақ» ЖШС емханасының бас дәрігері, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Бибазарова Қарлығаш Жалғасқызы – Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты, Алтынбек Ұлбике Алтынбекқызы – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары, қалалық жалпы ұлттық коалация мүшесі қатысуымен жаңа жобаның Қазақстан Республикасының жаңа конституция жобасы жекелеген баптарды түзету ғана емес, мемлекеттің даму логикасын қайта айқындайтын тарихи құжат ретінде ұсынылып отыр. Осы орайда Қ.Ж.Бибазарова, Ұ.А. Алтынбек және Д.К. Керімбаева Конститутцияның баптарының мазмұнына жан-жақты тоқталды.
Пациенттен алғыс алу – біз үшін ең үлкен қуаныш әрі еңбегіміздің бағаланғаны. Әрбір жылы сөз бен шынайы ризашылық біздің жұмысымызға күш беріп, алға қарай одан да жақсы қызмет көрсетуге жігерлендіреді. Сіздердің денсаулықтарыңыз бен амандықтарыңыз – біздің басты мақсатымыз. Осындай жылы алғыстарыңыз үшін шын жүректен рахмет! 🤍