• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

МӘМС ЕСЕБІНЕН КӨРСЕТІЛЕТІН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК: КІМДЕР ЖӘНЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК АЛАДЫ
МӘМС пакетімен қарастырылған стоматологиялық көмек тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана тиесілі емес. Шұғыл стоматологиялық көмекті қажет болған жағдайда азаматтардың…

МӘМС ЕСЕБІНЕН КӨРСЕТІЛЕТІН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК: КІМДЕР ЖӘНЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК АЛАДЫ

МӘМС пакетімен қарастырылған стоматологиялық көмек тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана тиесілі емес. Шұғыл стоматологиялық көмекті қажет болған жағдайда азаматтардың 9 түрлі санаты ала алады.

18 жасқа дейінгі балалар;
жүкті әйелдер;
ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;
I, II, III топтағы мүгедектер;
«Алтын алқа» және «Күміс алқа»алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;
жасы бойынша зейнеткерлер;
инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар;
ерекше назар аударуды талап ететін балаға немесе бала кезінен I — топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.
Төтенше жағдай деп қандай кезде айтуға болады?

көбінесе стрептококктар немесе стафилококктар тудыратын — терінің, тері астындағы тіндердің жедел бактериялық флегмонус инфекциясы;
абсцесс, фурункул, карбункул сияқты жақ-бет аймағының өткір одонтогентті емес қабынатын аурулары;
остеомиелит;
сыртқы қол жеткізуді талап ететін тісті жұлу;
тек стационар жағдайында ғана көмек көрсетуге болатын басқа да жағдайлар.
Егер тексеруден кейін тіс дәрігері амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деп шешсе, ол пациентті емдеуден бас тартуға және оны жедел жәрдем арқылы ауруханаға жіберуге құқылы.

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.