• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар медициналық қызметтерді толық көлемде алады-бұл жедел медициналық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, күндізгі және тәулік бойғы стационар, паллиатив, оңалту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және т. б.

💦

 ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдар тұрақты тұратындар азаматтар есептеледі
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, ҚР аумағында уақытша тұратындар ТМККК – ның шектеулі көлеміне ғана сене алады-бұл стационарда айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу және шұғыл медициналық көмек, егер бұл халықаралық шарттарда (ТМД елдері) көзделген болса

💦

 Егер шетелдік еңбек мигранты немесе еңбек мигрантының отбасы мүшесі, ЕАЭО (Ресей, Белоруссия, Қырғызстан және Армения) қатысушы елдерінің бірінің азаматы болса, онда ол МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді ала алады

💦

 Еңбек мигранттары (отбасы мүшелері) ерікті медициналық сақтандыру полисі (ЕМС) бойынша емханаға тіркеле алады және МӘМС жүйесінде медициналық көмекті ала алады, бірақ ТМККК алуға құқығы жоқ

❗

 Қалған медициналық қызметтер пациенттің өз қаражаты есебінен, яғни ақылы түрде көрсе

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.