• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»

«№2 Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны» Комплаенс-офицері парақшасына қош келдіңіздер!

Комплаенс-офицер емхана қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ емхана ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жүзеге асырады.

         Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету және  емхананың ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру болып табылады, сол арқылы барлық пациенттер, қызметкерлер арасында ең үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясатқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтық, адалдық қағидаттары қамтамасыз етіледі.        

         Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына (1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы), Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережесі (Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қолданыстағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және емхананың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.        

Егер сіз емхана қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, Сіз бұл туралы Комплаенс-офицерге келесі байланыс көздері арқылы хабарлай аласыз:

  • +7 707 277 9621 мобильдік нөміріне.
  • немесе электрондық поштаға: gp2-antikor@mail.ru

Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша әр жұма күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

     Қызметтік кабинет-315

 Құпиялылық пен жасырындыққа толық кепілдік беріледі.

Комплаенс- қызмет туралы ережесі

erezhe

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

sayasat

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық

n-s-auly-

Свежие записи
Үнемі шаршау, бас айналу, көздің қарауытуы немесе шаштың көп түсуі мазалай ма? Бұл ағзадағы темір тапшылығы немесе қан жүйесіндегі өзгерістердің белгісі болуы мүмкін.
Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмай, гематолог қабылдауына жазылыңыз. Уақытылы тексерілу – денсаулық кепілі. 💙
1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енлі.Бұл – еліміздің дамуына жаңа серпін беретін, заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды құжат. Конституцияда адам өмірі мен денсаулығы ең жоғары құндылықтардың бірі ретінде айқындалған. Сондықтан әрбір азаматтың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуы, денсаулығын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Дені сау ұлт – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының негізі. Халық денсаулығын сақтау – баршамызға ортақ міндет әрі жауапкершілік. 🇰🇿