• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Қырғызстан мемлекетінен келген денсаулық сақтау өкілдері Тараз қалалық 2-емханасында болып, емдеу мекемесінің халыққа көрсететін алғашқы медициналық-санитарлық қызмет деңгейімен танысты.

Қырғызстан мемлекетінен келген денсаулық сақтау өкілдері Тараз қалалық 2-емханасында болып, емдеу мекемесінің халыққа көрсететін алғашқы медициналық-санитарлық қызмет деңгейімен танысты. Қырғыздық әріптестерін қонақжайлықпен қарсы алып, ұлттық салт-дәстүрдің бірқатар әдемі түрлерін көрсеткен емхана бас дәрігері Жеңіс Тойшыбекова оларға “Денсаулық” және “Ерлер денсаулығы” орталықтарын көрсетті. Бүгінде қала бойынша ең көп тұрғынға медициналық көмек көрсетуде алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан емдеу мекемесінің жұмысына қырғыздық ағайындар тәнті болып, бірқатар әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелеріне пайдаланатындықтарын айтты. Әсіресе, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы жабдықталған бөлмелер мен қойылған жұмысқа жоғары бағаларын берді. Бұл бағытта өзіндік тәжірибе алмасуға ұсыныстар білдірді.

Свежие записи
🩺 Жалпы тәжірибелі дәрігер — денсаулығыңыздың алғашқы бақылаушысы! Жалпы тәжірибелі дәрігер түрлі шағымдар бойынша қабылдау жүргізіп, денсаулық жағдайыңызды бағалайды, қажетті тексерулер мен мамандарға жолдама береді. Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз! 💚 📌 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қабылдауына жазылыңыз және денсаулығыңызға бүгіннен көңіл бөліңіз!