Сібір жарасының түрлері:
• тері түрі – қоздырғыш енген жердегі теріде жазылмайтын жара пайда болады.
• өкпе түрі – ауыр пневмонияның дамуымен сипатталады.
• септикалық түрі – қоздырғыш қанмен бүкіл ағзаға таралады, ең ауыр түрі.
Сібір жарасы қалай жұғады?
· тамақ өнімдері (ауру жұқтырған малдың етін, сүтін пайдалану) арқылы ауру жұғады және зақымдалған тері мен шырышты қабаттар арқылы жанасу (ауру малдың етін қасаптау) жолымен ауру жұғады. Адам ауру жануармен жанасқанда жұқтыруы мүмкін. Сібір жарасының адамнан адамға жұғуы мүмкін екендігі туралы ешқандай дәлел болмаса да, сібір жарасының нәтижесінде пайда болған тері зақымдары өте жұқпалы болуы мүмкін.
Нені есте сақтау керек?
• Рұқсат етілмеген сауда орындарынан, ветеринариялық таңбасыз ет сатып алмау және сатушылардан ветеринариялық ілеспе құжаттарды сұрау;
• Мал қораны жинаған кезде, терімен, жүнмен, қылшықтармен және т.б. жұмыс істегенде бетперде тағу;
• Сібір жарасының ең тиімді алдын алу шарасы — жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу; ( мал сою цехтары мен ет комбинаттарының; ветеринариялық клиникалардың; жануарлардың терісі мен жүні өңделетін кәсіпорындардың; сібір жарасын зерттеумен айналысатын зертханалардың қызметкерлеріне).
• Алдын ала ветеринариялық куәландырусыз ауыл шаруашылығы жануарларын аулада союға және жануарлардан алынатын шикізатты сатуға жол бермеу;
• Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек, өйткені емдеу неғұрлым ертерек басталса, нәтижесі соғұрлым жақсы болады.
Есіңізде болсын: сібір жарасы өте қауіпті инфекцияболып саналады!
