• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

2026 жылдың 4 маусым күні «№2 Қалалық емханасы» «Аманат» партиясы Бастауыш партия ұйымының есен беру – сайлау жиналысы өтті. Есеп беру жиынына партия ұйымына қарасты №19 бала-бақшасының топ жетекшісі, Кешкі мектеп топ жетекшісі қатысты.

Жиын барысында «№2 Қалалық емханасы» «Аманат» партиясы Бастауыш партия ұйымының төрайымы Тойшибекова Жеңіс Прмахановна есептік кезеңдегі атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері мен басым бағыттар айқындалды.

Сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес, «Аманат» партиясы Тараз қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау мәселесі қаралды. Жиынға қатысқан партия мүшелерінің шешімімен конференция делегаттарының құрамы ұсынылған тізім бойынша бірауыздан сайланды.

Жиынға қатысушылардың партияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру жөнінде пікір алмасып, алдағы кезеңге нақты міндеттер белгіледі.

Іс-шара соңында «№2 Қалалық емханасы» «Аманат» партиясы БПҰ төрайымы Ж.П.Тойшибекова партия мүшелеріне алғыс айтып, алдағы жұмыстарға табыс пен нәтижелі еңбек тілегі білдірілді.