N2 ҚЕ-да 17-мамыр Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күніне орай «Гипертонияны бірге жеңейік: қан қысымын үнемі өлшеңіз» ұранымен Ұлттық бағдарлама аясында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ұйымдастырылып,
өткізілді.
Іс-шара барысында емханада және емханаға қарасты «Ақбұлақ, Талас,Шөлдала»БМСК бөлімдеріне келген пациенттердің қан қысымы, қандағы қант, холестерин мөлшері,көздің ішкі қысымы мен ДСИ(бой,салмақ) өлшеніп, анықталды.
Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану қағидалары тақырыбында СӨС медбикесі С.А.Ыбырайымова денсаулық сабағын өткізіп, кеңестер берді.
Ақпараттық парақшалар таратылып, бейнеролик көрсетілді.