• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Күнделікті жұмыстан шағын юмор 😄
Эпидемиолог көрінген сәтте медқызметкерлердің “қауіпсіздік режимі” бірден қосылады 😷🧤
Юмор в ленту 📌

Свежие записи
✅ Қоқысқа айналған аумақ тазартылды
📌 Бүгін 14 мамыр 2026 ж. «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Тараз қаласы әуежайы маңында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтарды сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
▶️ Бірнеше күн бұрын қала тұрғындары партияның облыстық филиалына әуежай маңындағы аумақтың қоқыс алаңына айналғаны жөнінде шағымданған болатын. Тұрғындардың айтуынша, аумақ тұрмыстық қалдықтарға толып, тіпті мал өлекселері де тасталған.
▶️ Осы мәселені назарға алған «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Таза Бейсенбі» акциясы аясында аталған аумақта тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, аумақты күл-қоқыстан тазартты.
▶️ Шараға партия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және «№2 Қалалық емханасы» «AMANAT» партиясы Бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты. Жалпы саны 150-ге жуық аманаттық қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосып, жиналған қалдықтарды тазалады.
✅ Нәтижесінде арнайы техникалардың көмегімен 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, белгіленген орындарға жеткізілді.
«№2 Қалалық емханасы» «Аманат» партиясы Бастауыш партия ұйымының төрайымы Ж.П.Тойшибекованың қолдауымен 12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне орай емхананың белсенді партия мүшелерін зертхана-диагностикалық бөлімшесінің зертханашысы Г.Ж.Бақыбекованы, мобильды бригаданың диспетчеры Ж.К.Туркееваны және «Ақбұлақ» бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының  емшара бөлмесінің мейіргері Н.Р.Айтақынды   «Аманат» партиясының бағдарламалық мақсат-міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі мен тұрғындардың денсаулығын сақтау жолында атқарған еселі еңбектері үшін  «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер.