• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды. Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсет

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.