• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» № 612 қаулысымен бекітілген Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларына сәйкес №2 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатыр.
Вакцинация-тұмаудың және оның асқынуларының алдын алудың және мемлекет үшін экономикалық зиянды азайтудың ең тиімді әдісі. Тұмауға қарсы Вакцинация «қауіп тобындағы» адамдарды негізгі аурудың асқынған ағымынан, ауруханаға жатқызудан, өлімнен қорғайды. Тұмауға қарсы вакцинациямен жоғары қамту ұжымдық иммунитетті қалыптастырады және эпидемияның пайда болуына жол бермейді.
Бүгінгі күнге №2 қалалық емхананың медицина қызметкерлері тұмауға қарсы екпемен 80 пайызға қамтылды.

Свежие записи
👩‍⚕️👨‍⚕️ Ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыс! Күн сайын адам денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен, мейірімімен және жанашырлығымен талай жанға үміт сыйлап жүрген барлық медицина қызметкерлеріне зор ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілейміз. Медицина қызметкерлері күні құтты болсын! 💙