• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

«Өз денсаулығыңды басқарып үйрен!»

N2 ҚЕ-да Алдын алу әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері СӨС маманы С.А.Ыбырайымова, АББ медбикесі А.Устенова, психолог мамандар З.Е.Байдуллаева, А.Әбіковтың ұйымдастыруымен «Өз денсаулығыңды басқарып үйрен!» ұранымен ҮЗДІК ПАЦИЕНТ — 2023 байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Пациенттеріміздің өз денсаулығына жауапты тұлға екендігін үйрету. Яғни, медицина қызметкерлерімен серіктес бола отырып, денсаулықтарын жақсартып, дұрыс тамақтанып, дене қимылымен айналысып, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеріп, денсаулығы нашарлаған кезде өзіне-өзі қалай көмек беретіндігі және асқынуларды қалай болдырмауға болатындығы бойынша толық меңгеру.
Бұл байқауда қатысушылар АББ-сы бойынша меңгерген білім деңгейлерін өзара сынасты.
Іс-шарамыз «Сөз атасы — сәлемдесу» демекші танысу тренингімен басталды.
Қатысушыларымыз викториналық сұрақтарға жауап беріп, үй жағдайында қан қысымы мен қандағы қант деңгейін өлшеу тәртібін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Пациенттерімізді Сергіту сәті барысында психолог З.Байдуллаева тренингтер жүргізді.
«Көңілді сандар» ойын-жаттығуымен өмірлеріндегі қызықты сәттерді еске түсірді.
«Үзіліссіз көңіл-толқыны» тренингінде жақсы эмоцияларымен бөлісті.
Жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Байқауға қатысушыларымыз АББ-сы өздеріне қатты ұнап, салауатты өмір сүру қағидаларын ұстанып, пайдалы кеңестер бергенін емхана әкімшілігіне, дәрігерлер мен медбикелерге деген алғыстарының шексіз екенін жеткізіп, жылы лебіздерін айтты.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!» деп іс-шарамызды қорытындыладық.

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.