• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ). Тұмау. Алдын алу шаралары.

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) — әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы тұмау, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, басқа жоғарғы тыныс алу жолдарының талаурамалы қабынбалары. Даму үдерісінде вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы мүмкін.

ЖРВИ кезінде не болады?
Вирустар мен бактериялар тыныс алу жолдарына түседі, шырышты қабыққа түсіп, зиянды заттар уыттар бөліп шығарады, сосын олар қан арқылы барлық ағзаға таралады. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.

ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды мыналар мазалау мүмкін: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.

ЖРВИ мен тұмауды алдын алу:
Тұмауды алдын алудың 3 түрі бары белгілі:

  • Екпелік алдын алу;
  • Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
  • Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.

Негізгі тұжырымдар:

  • Тұмауға қарсы вакцина қауіпсіз;
  • Екпе жасау егде адамдар мен қатерлі топтар арасында ауруларды, емдеуге жатқызу және өлім-жітімнің болу қауібін азайтады;
  • Тұмауға қарсы екпе дені сау жастар, балалар мен ұйымдастырылған ұжымдар арасында ауру және асқыну қауібін азайтады;
  • Егде адамдар мен қатерлі топтарға екпе міндетті түрде ұсынылады.
Свежие записи
МӘМС жүйесінде мәртебені 1 жылға қалай алуға болады?
Егер МӘМС бойынша мәртебеңіз жоқ болса, оны 1 жылға алдын ала алуға мүмкіндік бар.
🔹 Ол үшін:
– Өткен 12 айға жарналарды төлеу қажет
– Әр ай бөлек есептеледі
– Төлемді Kaspi, банк қосымшалары немесе eGov арқылы жасауға болады
🔹 Нәтижесінде:
– МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебе аласыз
– Тегін медициналық көмектің кеңейтілген пакеті қолжетімді болады
⚠️ Ескерту:
Жарналар уақытында төленбесе, мәртебе тоқтатылуы мүмкін.
📌 Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз!
Жеке кәсіпкер декреттік демалыста МӘМС жарнасын төлей ме?
Жеке кәсіпкер декреттік демалысқа ресми түрде шыққан жағдайда,
осы кезеңде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын төлеуден босатылады.
Аталған мерзімде жеке кәсіпкер
сақтандырылған тұлға мәртебесін сақтайды және
медициналық қызметтерді МӘМС жүйесі аясында ала алады.
Декреттік демалыс
әлеуметтік төлем тағайындалуы арқылы рәсімделуі тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін
тіркелген медициналық ұйымға жүгінуді ұсынамыз.
2026 жылғы 9 қаңтарда, пациенттерге қажетті көмекті тез және үйге жақын жерде алуға мүмкіндік беруге, кедергілер мен шығындарды азайтуға , тез сапалы көмек көрсету үшін Шолдала ауылдық округіне қарасты «Береке» массивінде маңызды әлеуметтік нысан — БМСКК «Шолдала» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы өз жұмысын бастады