• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

N2ҚЕ-да «Ерлер денсаулығын қорғау» тақырыбында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізілді.

Емханаға келген ер азаматтар дәрігер уролог Д.С.Бекайдаровтың дәрігерлік қабылдауында болып, ем шараларын алды
Уролог мейіргері Қ.Бейшенов
пациенттерден сауалнама алып,ақпараттық парақшалар таратты.
Скрининг бөлмесінің медбикесі Г.О.Оспанова қандағы қант, холестерин мөлшерін анықтап, қан қысымы мен көздің ішкі қысымын және ДСИ -сін өлшеді.
Ерлерді қарау бөлмесінің фельдшері Қ.Сырайлов ер азаматтарды 7 органда (ауыз қуысы, тері қабындылары,перифериялық лимфа үзіндісі, қалқанша бездері, қолтық асты бездері, жыныс органдары, тік ішек) визуальды толық тексеруден өткізіп, сауалнама алды.

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.