• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

«В» және «С» гепатиттері

«В» вирустық гепатиті — қоздырғышы «В» гепатитінің вирусы болып табылатын жұқпалы ауруы, әртүрлі клиникалық нұсқада жүргізіледі (асимптоматикалық тасымалдаудан бауыр паренхимасының бұзылуына дейін). Вирус әртүрлі физикалық және химиялық факторлармен ерешеленеді. Бөлме температурасындағы сыртқы ортада ВВГ: тіпті ұстараның жүзінде, ине ұшында, кепкен, тіпті, білінбейтін қан дағында бірнеше апта сақталып қалуы мүмкін.

«С» вирустық гепатиті — қоздырғышы «С» гепатиті вирустық гепатиттің ең ауыр түрі немесе посттрансфузиялық гепатит болып есептеледі. Бұл инфекция кез келген адамда дами алады және көбінесе жастарда кездеседі. Ауру өседі. Ауру көбінесе қан арқылы жұғатындықтан, посттрансфузиялық гепатит деп аталады.
Қазіргі кезде барлық донорлық қан міндетті түрде «С» гепатитінің бар-жоқтығына тексеріледі.
«В» және «С» гепатиттері вирустарының негізгі берілу жолдары:
• жыныстық қатынас жолымен;
• қоздырғыш енген қанды құю;
• тігінен (вирусты жұқтырған ананың жүктілік кезінде, босанған, емізген уақытта балаға);
• қоздырғыш енген медициналық аспаптарды қолдану;
• вирустық гепатитпен ауыратын науқастардың тұрмыстық заттарын пайдаланған сәтте (тіс щеткалары, майлықтар, ұстаралар).
Қазақстан Республикасында созылмалы вирустық гепатиттер көбінесе еңбекке қабілетті жас шақта дамитын әлеуметтік ауру болып табылады. Сол себепті елімізде созылмалы вирустық гепатиттің алдын алу, анықтау және оны емдеу денсаулық сақтау саласының бірінші кезекте тұрған мәселелерінің бірі.
Вирустық гепатит жіті және созылмалы клиникалық белгісі болады. Жіті вирустық гепатит аурудың бірнеше айға дейін созылатын түрі, ал созылмалы вирустық гепатит бауырдың алты және одан да көп айға созылатын қабынған ауыру түрі. Созылмалы түрі өз бетімен дамуы немесе емделмеген жіті вирустық гепатиттің жалғасы болуы мүмкін.
Созылмалы вирустық гепатитке бауыр ауруының мына түрлері жатады:
• созылмалы вирустық «В» гепатиті;
• созылмалы вирустық «С» гепатиті.

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.