• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Емханамызда 9-мамыр Жеңіс күніне орай Жалпы тәжірибиелік бөлімдерінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

Емханамызда 9 -мамыр Жеңіс күніне орай Жалпы тәжірибиелік бөлімдерінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің рухына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлердің құрметіне арналды.
N2ҚЕбас дәрігері Ж.П.Тойшибекова ер азаматтарымызды айтулы мерекемен құттықтады.
Бұл мереке — жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп,Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы — осынау мерекенің жемісі.
Ерлікке толы бұл күн келер ұрпаққа тарихымыздың мәңгі ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Сөз соңында ер азаматтарымызға шын көңілден дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық пен бақ- береке, аяулы арулар мен аналарымыздың және Отанымызды мықты қорғаны болуын тіледі.

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.