• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Тараз қаласының «Ауыл-Береке» базары аумағында N2 қалалық емхананың бас эпидемиологы М.Қ.Жасұзақ бастаған топ Жылжымалы медициналық кешен базасының медициналық екпе пунктінде Коронавирусқа қарсы вакцинация жасады.

Тараз қаласының «Ауыл-Береке» базары аумағында N2 қалалық емхананың бас эпидемиологы М.Қ.Жасұзақ бастаған топ Жылжымалы медициналық кешен базасының медициналық екпе пунктінде Коронавирусқа қарсы вакцинация жасады.
Ерікті түрде екпе алуға келген барлық азаматтар ең алдымен дәрігер қарауынан өтіп, екпеден кейін 30 минут дәрігер бақылауында болды. Қала тұрғындарына «Qaz Covid-in» және «Спутник-V» вакцинасы туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Парақшалар мен бүктемелер таратылды. Екпе алушыларға келесі егу күні 21 күннен кейін екендігі айтылып, бұл туралы алдын-ала телефонға хабарлама жіберілетіндігі жөнінде ескертілді. Екпе алушыларды толғандырып жүрген сұрақтарына толық жауап берілді.

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.