№2 қалалық емханасы мен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған «Денсаулық бұрышы» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында тұрғындар кардиолог пен невропатолог дәрігерлердің кеңесін алып, артериялық қан қысымы мен қандағы қант деңгейін тексертіп, МӘМС жүйесі бойынша ақпарат алды.
Сондай-ақ акция аясында дәрігерлермен қысқаша сұхбат ұйымдастырылып, тұрғындарды қызықтырған денсаулыққа қатысты маңызды сұрақтарға жауап берілді. Мамандар аурулардың алдын алу, профилактикалық тексерулердің маңызы және салауатты өмір салтын сақтау жөнінде пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Денсаулық – ең үлкен байлық. Өз денсаулығыңызға бүгіннен бастап көңіл бөліңіз!