Іс-шараға «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің маманы Ернар Нұрболұлы қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ әр азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.