Жиын барысында «№2 Қалалық емханасы» «Аманат» партиясы Бастауыш партия ұйымының төрайымы Тойшибекова Жеңіс Прмахановна есептік кезеңдегі атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері мен басым бағыттар айқындалды.
Сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес, «Аманат» партиясы Тараз қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау мәселесі қаралды. Жиынға қатысқан партия мүшелерінің шешімімен конференция делегаттарының құрамы ұсынылған тізім бойынша бірауыздан сайланды.
Жиынға қатысушылардың партияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру жөнінде пікір алмасып, алдағы кезеңге нақты міндеттер белгіледі.
Іс-шара соңында «№2 Қалалық емханасы» «Аманат» партиясы БПҰ төрайымы Ж.П.Тойшибекова партия мүшелеріне алғыс айтып, алдағы жұмыстарға табыс пен нәтижелі еңбек тілегі білдірілді.