Алда 15 наурызда өтетін референдумда қазақстандықтар жаңа конституцияға қатысты өз таңдауын жасайды. Бұл – жай ғана дауыс беру емес, елдің болашағын айқындайтын маңызды шешім болмақ. Егер жоба қолдау тапса, Ата заңның басым бөлігі жаңарып, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас жаңаша сипат алады.
Кездесу барысында емхана қызметкерлеріне өз пікірлерін білдіріп, саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасайтындарын жеткізді. Мұндай тікелей байланыс форматы азаматтарға қажетті ақпаратты нақты әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – әрбір тұрғынға толық әрі қолжетімді ақпарат ұсынып, референдумға саналы түрде қатысуырын жеткізді.
