• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

2026 жылғы 9 қаңтарда, пациенттерге қажетті көмекті тез және үйге жақын жерде алуға мүмкіндік беруге, кедергілер мен шығындарды азайтуға , тез сапалы көмек көрсету үшін Шолдала ауылдық округіне қарасты «Береке» массивінде маңызды әлеуметтік нысан — БМСКК «Шолдала» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы өз жұмысын бастады

Бұл орталықтың ашылуы — халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған мақсаттың нақты көрінісі. Жаңа медициналық мекеме Береке массиві мен оған іргелес аумақтардағы шамамен 3 000 тұрғынға медициналық қызмет көрсетуге арналған.

Орталықта 2 дәрігер, 4 учаскелік мейірбике, процедуралық мейірбике, акушер маманы, фельдшер және тіркеуші (регистратор) қызмет атқарады. Бұл мамандар тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті қолжетімді әрі сапалы түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Орталықта келесі қызмет түрлері көрсетіледі:
алғашқы дәрігерлік көмек,
профилактикалық тексерулер,
диспансерлік бақылау,
созылмалы ауруларды анықтау және емдеу,
вакцинация,
ана мен бала денсаулығын қорғау.
Мекеме қызметінің негізгі басымдықтары — аурулардың алдын алу, ерте диагностика, халықтың денсаулық мәдениетін қалыптастыру және медициналық көмекті әр тұрғынға жақындату.

БМСКК «Шолдала» орталығы қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, білікті мамандармен жасақталған. Бұл орталық Береке массиві тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және өмір сапасын арттыруға қызмет етеді деп сенемін.

Свежие записи
🩺 Жалпы тәжірибелі дәрігер — денсаулығыңыздың алғашқы бақылаушысы! Жалпы тәжірибелі дәрігер түрлі шағымдар бойынша қабылдау жүргізіп, денсаулық жағдайыңызды бағалайды, қажетті тексерулер мен мамандарға жолдама береді. Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз! 💚 📌 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қабылдауына жазылыңыз және денсаулығыңызға бүгіннен көңіл бөліңіз!