• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында орфандық аурулармен ауыратын пациенттерге амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қалай жүргізілетінін айтып берді.

📌 Орфандық аурулар – бұл өмірге қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкелетін сирек кездесетін аурулар. Көп кездеспейтіндіктен бұл ауруларды ерте кезеңде диагностикалау және емдеуде қиындықтар бар. Науқастар қымбат тұратын дәрі-дәрмекпен қолдауға мұқтаж. Дегенмен Қазақстанда орфандық ауруларды емдеу белгілі бір аурулары бар ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне (АДҚ тізбесі) кіреді.

«Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі таңда қолданыстағы мемлекеттік кепілдіктерге халықты, оның ішінде орфандық аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде оңтайландыру жүргізіп жатыр. Аурулармен қатар, олар бойынша препараттардың тізбесі кеңейтілуде. Егер 2018 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын орфандық аурулардың тізбесін АХЖ-10 бойынша аурулардың 9 санаты құраған болса, ал 2024 жылы оған 26 санат кіріп отыр», – деп атап өтті Қордың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметінің басшысы Жанат Жиренова. #МӘМС#ФСМС#ОСМС

Свежие записи
👩‍⚕️👨‍⚕️ Ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыс! Күн сайын адам денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен, мейірімімен және жанашырлығымен талай жанға үміт сыйлап жүрген барлық медицина қызметкерлеріне зор ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілейміз. Медицина қызметкерлері күні құтты болсын! 💙