Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын №2 Қалалық емхананың қызметкерлеріне Тойшибекова Жеңіс Пірмаханқызы №2 Қалалық емхананың бас дәрігері, Керімбаева Дүйсенкүл Керімқұлқызы – «Жан Шуақ» ЖШС емханасының бас дәрігері, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Бибазарова Қарлығаш Жалғасқызы – Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты, Алтынбек Ұлбике Алтынбекқызы – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары, қалалық жалпы ұлттық коалация мүшесі қатысуымен жаңа жобаның Қазақстан Республикасының жаңа конституция жобасы жекелеген баптарды түзету ғана емес, мемлекеттің даму логикасын қайта айқындайтын тарихи құжат ретінде ұсынылып отыр. Осы орайда Қ.Ж.Бибазарова, Ұ.А. Алтынбек және Д.К. Керімбаева Конститутцияның баптарының мазмұнына жан-жақты тоқталды. 12.03.2026
Пациенттен алғыс алу – біз үшін ең үлкен қуаныш әрі еңбегіміздің бағаланғаны. Әрбір жылы сөз бен шынайы ризашылық біздің жұмысымызға күш беріп, алға қарай одан да жақсы қызмет көрсетуге жігерлендіреді. Сіздердің денсаулықтарыңыз бен амандықтарыңыз – біздің басты мақсатымыз. Осындай жылы алғыстарыңыз үшін шын жүректен рахмет! 🤍 12.03.2026
N2ҚЕ-ның дәрігер фтизиатры М.Ғ.Шәділ, СӨС медбикесі С.А.Ыбырайымованың ұйымдастыруымен N70 мектеп оқушылары арасында «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дәріс оқылып, бейнеролик көрсетіліп, сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық парақшалар таратылды. 12.03.2026
№2 қалалық емхананың пациенті – Тұрдықұлова Марал Кенжешовна (1966 ж.т.)Пациент 2016 жылдан бастап қант диабеті диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Дәрігер тағайындаған емге сәйкес инсулин қабылдайды. Ем қабылдағаннан кейін денсаулық жағдайының жақсарғанын атап өтеді.Жалпы ауруына байланысты 2-топ мүгедектігі бар.ОСМС жүйесі арқылы қажетті дәрі-дәрмектерді уақытылы алып, жылына 1–2 рет қант диабеті бойынша стационарлық ем қабылдап тұрады. 10.03.2026
Құрметті арулар!Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз, сабырлылықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз бүкіл ұжым үшін өте бағалы. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын! 06.03.2026