• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында орфандық аурулармен ауыратын пациенттерге амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қалай жүргізілетінін айтып берді.

📌 Орфандық аурулар – бұл өмірге қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкелетін сирек кездесетін аурулар. Көп кездеспейтіндіктен бұл ауруларды ерте кезеңде диагностикалау және емдеуде қиындықтар бар. Науқастар қымбат тұратын дәрі-дәрмекпен қолдауға мұқтаж. Дегенмен Қазақстанда орфандық ауруларды емдеу белгілі бір аурулары бар ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне (АДҚ тізбесі) кіреді.

«Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі таңда қолданыстағы мемлекеттік кепілдіктерге халықты, оның ішінде орфандық аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде оңтайландыру жүргізіп жатыр. Аурулармен қатар, олар бойынша препараттардың тізбесі кеңейтілуде. Егер 2018 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын орфандық аурулардың тізбесін АХЖ-10 бойынша аурулардың 9 санаты құраған болса, ал 2024 жылы оған 26 санат кіріп отыр», – деп атап өтті Қордың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметінің басшысы Жанат Жиренова.

Свежие записи
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы 🤍 Әрбір ұлттық нақыштағы киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, салт-дәстүріміздің көрінісі. Осындай күндер бізге тамырымызды ұмытпай, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын еске салады. Баршаңызды Ұлттық киімдер күнімен құттықтаймыз! Ұлттық рухымыз әрдайым биік болсын 🇰🇿 #ұлттықкиімдеркүні #наурыз2026 #қазақмәдениеті #ұлттыққұндылықтар #наурызмерекес
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын №2 Қалалық емхананың қызметкерлеріне Тойшибекова Жеңіс Пірмаханқызы №2 Қалалық емхананың бас дәрігері, Керімбаева Дүйсенкүл Керімқұлқызы – «Жан Шуақ» ЖШС емханасының бас дәрігері, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Бибазарова Қарлығаш Жалғасқызы – Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты, Алтынбек Ұлбике Алтынбекқызы – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары, қалалық жалпы ұлттық коалация мүшесі қатысуымен жаңа жобаның Қазақстан Республикасының жаңа конституция жобасы жекелеген баптарды түзету ғана емес, мемлекеттің даму логикасын қайта айқындайтын тарихи құжат ретінде ұсынылып отыр. Осы орайда Қ.Ж.Бибазарова, Ұ.А. Алтынбек және Д.К. Керімбаева Конститутцияның баптарының мазмұнына жан-жақты тоқталды.
Пациенттен алғыс алу – біз үшін ең үлкен қуаныш әрі еңбегіміздің бағаланғаны. Әрбір жылы сөз бен шынайы ризашылық біздің жұмысымызға күш беріп, алға қарай одан да жақсы қызмет көрсетуге жігерлендіреді. Сіздердің денсаулықтарыңыз бен амандықтарыңыз – біздің басты мақсатымыз. Осындай жылы алғыстарыңыз үшін шын жүректен рахмет! 🤍