• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында орфандық аурулармен ауыратын пациенттерге амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қалай жүргізілетінін айтып берді.

Орфандық аурулар – бұл өмірге қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкелетін сирек кездесетін аурулар. Көп кездеспейтіндіктен бұл ауруларды ерте кезеңде диагностикалау және емдеуде қиындықтар бар. Науқастар қымбат тұратын дәрі-дәрмекпен қолдауға мұқтаж. Дегенмен Қазақстанда орфандық ауруларды емдеу белгілі бір аурулары бар ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне (АДҚ тізбесі) кіреді.

«Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі таңда қолданыстағы мемлекеттік кепілдіктерге халықты, оның ішінде орфандық аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде оңтайландыру жүргізіп жатыр. Аурулармен қатар, олар бойынша препараттардың тізбесі кеңейтілуде. Егер 2018 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын орфандық аурулардың тізбесін АХЖ-10 бойынша аурулардың 9 санаты құраған болса, ал 2024 жылы оған 26 санат кіріп отыр», – деп атап өтті Қордың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметінің басшысы Жанат Жиренова.

Свежие записи
МӘМС жүйесінде мәртебені 1 жылға қалай алуға болады?
Егер МӘМС бойынша мәртебеңіз жоқ болса, оны 1 жылға алдын ала алуға мүмкіндік бар.
🔹 Ол үшін:
– Өткен 12 айға жарналарды төлеу қажет
– Әр ай бөлек есептеледі
– Төлемді Kaspi, банк қосымшалары немесе eGov арқылы жасауға болады
🔹 Нәтижесінде:
– МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебе аласыз
– Тегін медициналық көмектің кеңейтілген пакеті қолжетімді болады
⚠️ Ескерту:
Жарналар уақытында төленбесе, мәртебе тоқтатылуы мүмкін.
📌 Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз!
Жеке кәсіпкер декреттік демалыста МӘМС жарнасын төлей ме?
Жеке кәсіпкер декреттік демалысқа ресми түрде шыққан жағдайда,
осы кезеңде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын төлеуден босатылады.
Аталған мерзімде жеке кәсіпкер
сақтандырылған тұлға мәртебесін сақтайды және
медициналық қызметтерді МӘМС жүйесі аясында ала алады.
Декреттік демалыс
әлеуметтік төлем тағайындалуы арқылы рәсімделуі тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін
тіркелген медициналық ұйымға жүгінуді ұсынамыз.
2026 жылғы 9 қаңтарда, пациенттерге қажетті көмекті тез және үйге жақын жерде алуға мүмкіндік беруге, кедергілер мен шығындарды азайтуға , тез сапалы көмек көрсету үшін Шолдала ауылдық округіне қарасты «Береке» массивінде маңызды әлеуметтік нысан — БМСКК «Шолдала» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы өз жұмысын бастады