• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Мониторингтік топ “ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ” жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің тапсырмасы және «Қазақстан Республикасының медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында инновациялық технологиялар енгізу бойынша үздік практика орталықтарын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрнінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі №228 бұйрығын орындау шеңберінде өңірлердегі ашылған “Үздік практика орталықтары” жұмыстарына мониторинг жүргізу мақсатында Тараз қалалық 2-емханасында болды.

Мониторингтік топтың құрамында министрліктің амбулаториялық- емханалық және жедел медициналық көмек баскармасының басшысы Әсел Қыдыралиева, С.Қайырбекова атындағы Ұлттык ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы — Республикалық МСАК
ғылыми-практикалық орталығының басшысы Әсел Хасенова мен С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы МСАК ұйымдарының қызметін талдау және үйлестіру бөлімінің басшысы Оспаналиева Мадина бар.

Қалалық емхананың тұрғындарды қабылдау, алғашқы медициналық көмек көрсету жұмысына мониторинг жасаушы Министрлік қызметкерлерін өңірлік сала басшысы Жанар Оспанова қарсы алып, қонақтарды орталықтың қызметімен таныстырды.

Свежие записи
🩺 Жалпы тәжірибелі дәрігер — денсаулығыңыздың алғашқы бақылаушысы! Жалпы тәжірибелі дәрігер түрлі шағымдар бойынша қабылдау жүргізіп, денсаулық жағдайыңызды бағалайды, қажетті тексерулер мен мамандарға жолдама береді. Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз! 💚 📌 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қабылдауына жазылыңыз және денсаулығыңызға бүгіннен көңіл бөліңіз!