• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Туберкулез және оны алдын алу

Туберкулез көбіне тыныс алу мүшелерін (ең бастысы өкпе мен бронхты) зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерді зақымдауы мүмкін, мысалы, сүйектер мен бұлшықеттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар: өкпе туберкулезі және өпеден тыс туберкулез.

Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтеді және флюорография немесе кеуде жасушасын рентген суретіне түсірген кезде анықталады.

Халық үшін негізгі қауіп өкпе туберкулезі, өйткені ауруды тарату жолы –ауа-тамшы арқылы. Дені сау адам туберкулезбен ауыратын науқас жөтелген, түшкірген және онымен сөйлескен кезде жұқтыра алады.

Туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір науқас 24 сағат ішінде он миллиард бактерия бөледі, жөтелген кезде ауа арқылы таралады және қоршағандарға жұқтырады.

Туберкулезбен ауыратын жануарлардан сүт өнімдерін пайдалану кезінде болмашы жұқтыруы мүмкін.

Туберкулез:

  • қол алысу
  • ортақ дәретхананы қолдану
  • ыдыс-аяққа, төсек-орын мен киімге жанасқан кезде жұқпайды

Туберкулезді дамытуға әсер ететін факторлар:

Негізгі фактор – иммунитеттің азаюы, оның себептері:

  • шылым шегу;
  • күйзеліс жағдайлар;
  • жеткіліксіз және дұрыс тамақтанбау ;
  • жаман тұрмыстық жағдай;
  • маскүнемдік;
  • нашақорлық;
  • АИТВ/ЖИТС;
  • созылмалы өкпе ауруы болуы мүмкін.

Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек

Салауатты өмір салты!

  • Шылым шекпеңіз – ол тыныс алу жолдарының жергілікті қорғанышын әлсіретеді, ағзаның барлық иммунитетін азайтады;
  • Ішімдікке салынбау – ол ағзаның жалпы қорғанышын азайтады;
  • Құнарлы тамақтану;
  • Жиі тексеріліңіз –Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін халықты жаппай профилактикалық флюорографиялық тексерулер өткізіледі. Зерттелу тегін;
  • Вакциналау — туберкулездің таралуын ескертетін маңызды қадам. Балалар туберкулездік инфекцияларға аса жақын және екпе егілмеген балалардың туберкулезбен ауруы ықтимал.
Свежие записи
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы 🤍 Әрбір ұлттық нақыштағы киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, салт-дәстүріміздің көрінісі. Осындай күндер бізге тамырымызды ұмытпай, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын еске салады. Баршаңызды Ұлттық киімдер күнімен құттықтаймыз! Ұлттық рухымыз әрдайым биік болсын 🇰🇿 #ұлттықкиімдеркүні #наурыз2026 #қазақмәдениеті #ұлттыққұндылықтар #наурызмерекес
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын №2 Қалалық емхананың қызметкерлеріне Тойшибекова Жеңіс Пірмаханқызы №2 Қалалық емхананың бас дәрігері, Керімбаева Дүйсенкүл Керімқұлқызы – «Жан Шуақ» ЖШС емханасының бас дәрігері, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Бибазарова Қарлығаш Жалғасқызы – Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты, Алтынбек Ұлбике Алтынбекқызы – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары, қалалық жалпы ұлттық коалация мүшесі қатысуымен жаңа жобаның Қазақстан Республикасының жаңа конституция жобасы жекелеген баптарды түзету ғана емес, мемлекеттің даму логикасын қайта айқындайтын тарихи құжат ретінде ұсынылып отыр. Осы орайда Қ.Ж.Бибазарова, Ұ.А. Алтынбек және Д.К. Керімбаева Конститутцияның баптарының мазмұнына жан-жақты тоқталды.
Пациенттен алғыс алу – біз үшін ең үлкен қуаныш әрі еңбегіміздің бағаланғаны. Әрбір жылы сөз бен шынайы ризашылық біздің жұмысымызға күш беріп, алға қарай одан да жақсы қызмет көрсетуге жігерлендіреді. Сіздердің денсаулықтарыңыз бен амандықтарыңыз – біздің басты мақсатымыз. Осындай жылы алғыстарыңыз үшін шын жүректен рахмет! 🤍