• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

2023 жылға арналған МӘМС төлемдері

Жұмыс беруші қызметкер үшін жалақы деңгейінің 3% төлейді. Аударымның ең жоғары сомасы 10 ЕТЖ-ның 3%- 21000 теңгеден аспауы тиіс.
Қызметкерлер және АҚС шарты бойынша табыс табатындар өз табысының 2% төлейді. Төлемнің ең жоғары сомасы 10 ЕТЖ- дан 2%- дан аспауы тиіс-айына 14 000 тенге.
ЖК және жеке практикамен айналысатын азаматтар- 1 ЕТЖ 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4900 теңге төлейді (70 0001,4)*5%.
2023 жылы дербес төлеушілер 3500 тенге (1 ЕТЖ-ның 5%) төлейді.
БЖТ: Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда — 1 АЕК (3450 тг.) Басқа елді мекендерде тұратын тұлғалар үшін 0,5 АЕК (1725тг.).
МӘМС-ке қайда төлеуге болады?
— екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері мен мобильді қосымшалары — «Қазпошта» АҚ бөлімшелері — төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24, T. 6.)

Свежие записи
Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді: топырақта ол ондаған жылдар бойы сақталады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. 
Қол гигиенасы — денсаулық кепілі 🧼✋🏻
Инфекциялық аурулардың алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі — қолды дұрыс жуу.
Қолды сабынмен кемінде 20–30 секунд жуып, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият тазалау қажет. Бұл қарапайым әрекет көптеген аурулардың таралу қаупін төмендетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес, қол гигиенасын сақтау — өз денсаулығыңыз бен жақындарыңызды қорғаудың маңызды бөлігі.
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымызда 🤍
💉 Еуропалық иммундау апталығы – 2026
📅 24–30 сәуір
«Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен №2 қалалық емханасында Иммундау апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Вакцинация – адам денсаулығын қорғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Ол әрбір адамға өзін және қоршаған ортасын қауіпті инфекциялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Апталық аясында келушілерге екпенің пайдасы мен қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті кеңестер беріледі.
Сіздерді өз денсаулықтарыңызды қорғауға және уақытылы вакцина алуға шақырамыз.