• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

ҚҰРАМЫНДА ҚАНТЫ БАР ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДЫ ІШПЕУДІҢ 10 СЕБЕБІ

  1. Құрамында қанты бар газдалған сусындар ішкі ағзалардың семіруіне әкеледі
    Бұл висцеральды майдың пайда болуын көрсетеді. Висцеральды май – іш қуысында жинақталатын дене майының бір түрі. Бұл май тінінің ең қауіпті түрі – созылмалы ауруды тудыратын, қант деңгейін жоғарылататын және қан тамырларын бұзатын токсиндерді шығарады. Оның ағзада басым болуы 2 -типті қант диабеті, гипергликемия, гипертония және басқа да жүрек – қан тамыр патологиясы сияқты метаболикалық аурулардың даму қаупінің жоғарылауымен байланысты.
  2. Тәтті газдалған су қартаю процесін тездетеді
    Қартаюды тездететін ең зиянды сусын. Ғылыми деректер, егер қартаю туралы айтатын болсақ, тәтті газдалған сусын ең зиянды сусын екенін көрсетеді. Қант қосылған газдалған сусындарды үнемі ішу аурулардың дамуына әсер етуі мүмкін – қанттың метаболикалық бақылау механизмдеріне қажетсіз жүктеме тудырып қана қоймай, сонымен қатар тіндердің жасушалық қартаю процесін тездетеді.
  1. Газдалған сусындар инсулинге төзімді болуға әкеледі
    Инсулинге төзімділік туралы түсінік беру қажет. Инсулинге төзімділік – бұл инсулиннің әсеріне тіндердің сезімталдығын төмендету, ол қандай да бір ауыр дерт болмаған жағдайда өрбуі мүмкін. Инсулин – ұйқы безінде бөлінетін маңызды гормон және қандағы глюкозаның шоғырлануын төмендететін денедегі жалғыз гормон. Инсулин маңызды көптеген биологиялық реакцияларға қатысады, мысалы, бұлшықеттерде ақуыздардың түзілуін белсендіреді, бауырда майдың жиналуын ұстап тұрады, бірақ глюкозаға қатысты реттеуші әсері оның әрекетінің негізін құрайды.

Инсулинге төзімділік несімен қауіпті? Адамдардың зат алмасуында қатты өзгерістер болмаса да, инсулинге төзімділікте ерте қартаю процесі болады, сонымен қатар бүгінде бұл ауыр жүрек-қан тамыры патологиясымен және олардың қауіпті асқынуларымен (инсульт, инфаркт, ми қан айналымының жіті бұзылуы, диабеттік нейропатия және т.б.) байланысты екені белгілі. Көптеген әйелдер, әсіресе орта жастағы әйелдер, артық салмақтан зардап шегеді. Артық салмақты тастау мүмкін емес, диета көмектеспейді. Көңіл-күйі де мәз емес. Адамның жасы мен іштегі майлы тіндердің жиналуы (абдоминалды семіздік деп аталады, орталық түрі бойынша) – инсулинге төзімділіктің дамуын қоздыратын және оның күшеюін ұстап тұратын маңызды екі фактор. Бізге таныс тәтті газдалған сусындардың құрамына глюкоза мен фруктозаның көп мөлшері кіреді. Сусын адам ағзасына түскен кезде ұйқы безі қанттың көп түсуіне байланысты белсендіріледі, көп мөлшерде инсулин шығара бастайды, ал бұл процесс қандағы қант деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Егер тәтті сусындарды үнемі ішетін болса, инсулин деңгейі үнемі жоғарылайды, бұл инсулинге төзімділікке, метаболизм деңгейінің бұзылуына әкеледі, ал бұл, өз кезегінде, қант диабетінен қатерлі ісікке дейінгі көптеген дертті тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, газдалған суды үнемі ішу семіздіктің қалыптасуына ықпал етеді.

  1. Газдалған сусын жүрек ауруына әкеледі
    Жүрек аурулары да жүрек-қан тамырлары аурулары немесе жүрек және қан тамырлары аурулары сияқты белгілі. Бұл аурулар бүкіл әлемде «бірінші өлтіруші» мәртебесін алып отыр. Алкогольсіз тәтті сусындар, әсіресе 45 жасқа дейінгі адамдар үшін уақыт бомбасына айналады. Шынында да, жас кезінде адам диабет немесе семіздік ауруына көбірек ұшырайды. Жүрек аурулары жүрек ұстамасы, жүрек жеткіліксіздігі, инсульт және т.б. да қамтиды. Сіз онымен бірнеше жыл өмір сүре аласыз, тіпті бірнеше инфаркттан аман қалуыңыз мүмкін, бірақ бұл мүгедектікке немесе қарттыққа әкелуі мүмкін.
  1. Тәтті сусындар диабеттің даму қаупін арттырады
    Жоғарыда айтылғандай, газдалған сусындарды ішу қант диабетіне әкелуі мүмкін. Әлемнің көптеген елдерінде тәтті сусындарды ішуден пайда болған қант диабетінен көптеген адамдар қайтыс болады. Әркім бұл туралы ойлануы тиіс және мұндай сусындарды айтарлықтай азайту қажет немесе рационнан мүлдем алып тастау керек. Олардың денсаулыққа пайдасы жоқ, ал тұтынылатын тәтті сұйықтықтың мөлшерін азайту мүмкіндігі өлім санын жыл сайын ондаған мыңға азайтады.
  1. Тәтті сусындар Альцгеймер ауруына әкеледі
    Тәтті сусындар Альцгеймер ауруының даму қаупін арттыруы мүмкін!
  1. Газдалған сусындар мидың қатты зақымдануына әкеледі
    Қант алмастырғыш аспартам (E-951) — кейбір өнімдер мен газдалған сусындардың құрамына кіретін компонент, барлық заттардың ішіндегі ең даулы комонент болуы мүмкін. «Ұлы дәуір» медиа-жобасының хабарлауынша, еуропалық «Диеталық тамақтану журналы» жариялаған талдауда Оңтүстік Африка ғалымдары аспартам – метанол компоненттерінің біреуінің ғана емес, сонымен қатар басқа элементтердің (фенилаланин және аспарагин қышқылы) де миға әсер ету мүмкіндігіне баға берді. Талдау ұзақ және егжей-тегжейлі жасалған және ғылыми жұмыстарға 50-ден астам сілтеме көрсеткен. Фенилаланиннің әсер етуін талдауда авторлар бұл заттың ми химиясын бұзу қабілетін, оның ішінде мидың негізгі химиялық қосылыстарының, мысалы, серотониннің деңгейін төмендету қабілетін егжей-тегжейлі сипаттайды (бұл әртүрлі аймаққа, оның ішінде көңіл-күйге, мінез-құлыққа, ұйқыға және тәбетке теріс әсер етуі мүмкін). Авторлар фенилаланинде амин қышқылдарының метаболизмін, жүйке функцияларын және организмдегі гормоналды тепе-теңдікті бұзу мүмкіндігі бар екенін айтады. Олар аспартам жүйке жасушаларын зақымдауға қабілетті және бұл тіпті Альцгеймер ауруын тудыруы да мүмкін дейді. Сіздің қалай қарайтыныңызды білмеймін, бірақ газдалған сусындарды, шырындарды және энергетиктерді ішпей, осы жаман әдеттерден аулақ болу жеткілікті болар еді.
  1. Кейбір сусындардағы карамель бояуы қатерлі ісікке әкеледі
    Егер сіз кока-кола, пепси немесе кез келген басқа да сусын ішуді жақсы көрсеңіз, мынаны тыңдауыңыз керек. 2011 жылы «Қоғам мүддесі үшін ғылым орталығы» жариялаған жан түршігерлік соңғы деректер Coca-Cola мен Pepsi-де пайдаланылатын «карамель» деп аталатын бояу қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін деп мәлімдеді. Содан бері Coca-Cola және Pepsi басқа бояғыштарға көшті деп мәлімдейді. Дегенмен, олардың құрамында қауіпті химиялық заттардың болуы мүмкін. Сондықтан … Мұндай сусындардан сақтану керек!
  1. Газдалған сусындардағы қант тәуелділікті тудырады
    Қант мидағы гормонды шығарады, ол өзіңді жақсы сезінуге мәжбүрлейді. Тәттіні жақсы көретін кейбір адамдарды білетін боларсыз, мүмкін? Оның нашақор сияқты қантты іздеп тұратынын білерсіз … Ғалымдар қантты жақсы көретін адамдарды нашақорлармен салыстырады, мынаны ескертеді – тәтті өткінші ләззат беріп қана қоймайды, тәтті жеу әдетке айналады, ақырында, денсаулықты құртады. Бұл да кокаинге тәуелділік сияқты!
  1. Газдалған сусындар тісті құртады
    Тәтті газдалған сусындарда болатын ортофосфор қышқылы кальцийдің сіңуіне кедергі келтіріп, остеопорозға әкелуі мүмкін екені сізге белгілі болар — бұл тек сүйектерге ғана емес, тістерге де жаман әсер етеді. Гонконг университетінің отбасылық стоматология профессорының орынбасары доктор Чу Чун-хун және оның әріптестері жақында бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізіп, олардың көпшілігінің тістері эрозияға, сондай-ақ басқа да ауыр стоматологиялық ауруларға бейім екенін анықтады. Он екі жастағы алты жүз мектеп оқушысының арасында шамамен 75% -да эрозияның басталуы анықталды. Әрбір бесінші балада кариозды зақымдану анықталды, олардың жартысы емделмеген. Зерттеушілер ұлдарға қарағанда қыздардың көбі кариеске ұшырайтындығын анықтады. Мамандардың айтуынша, мектеп оқушыларындағы эрозия мен кариес үнемі қышқыл мөлшері жоғары тағамдарды жеуден пайда болған. Балалардың ата-аналары ғалымдардың болжамын растады, балалардың шамамен 20% – ы газдалған су мен жеміс шырындарын жиі ішеді екен. Сізге және сіздің балаларыңызға бұл үлгі болу керек немесе бұдан сабақ алу қажет — газдалған сусынды ішу зиянды!

    Мұндай зиянды әдеттен қалай арылу керек?
    Әдетті өзгерту керек. Мүмкін сіз жұмыс кезінде жақын автоматқа дейін осы сусындарды ішіп серуендеуді жақсы көретін шығарсыз. Олай болса, маршрутты өзгертіңіз. Еліктемеу үшін және тұрақты сатып алу нүктелерінен өтпеу үшін ол жаққа тіпті қарамаңыз. Сүйікті сусынды ауыстырыңыз. Газдалған сусыны құрамында қанты немесе жасанды тәттілендіргіші жоқ басқа да сусынға алмастырып көріңіз. Мысалы, шөлді басу үшін шөп қосылған (жалбыз, жаужапырақ және басқа да шөптер) шайды, пайдалы лайм (лимон) шырыны бар суды немесе бір стақан үй сүтін ішіп көріңіз. Мақсатыңызды біліңіз. Бұл сусындарды ішпейтін күнді белгілеп алыңыз. Мақсат қойыңыз: арықтау, ет алу, аурулардан сауығу және т.б.
  1. Газированные сахаросодержащие напитки приводят к ожирению внутренних органов. Это говорит о появлении висцерального жира. Висцеральный жир — это разновидность жира в человеческом организме, который накапливается между органами в брюшной полости. Это самый опасный тип жировой ткани — он производит токсины, которые вызывают хроническое воспаление, повышают уровень сахара и разрушают сосуды. Преобладание его в организме связано с повышенным риском развития таких метаболических заболеваний, как сахарный диабет 2 типа, гипергликемия, гипертония и другие сердечно-сосудистые патологии.
  2. Сладкая газированная вода ускоряет процесс старения

Самый вредный напиток, ускоряющий старение. Научные данные указывают на то, что, если говорить о старении, то самым вредным напитком является сладкая газировка. Регулярное употребление газированных напитков с добавленным сахаром может оказывать воздействие на развитие заболеваний — не только создавая ненужную нагрузку на механизмы метаболического контроля сахаров, но и ускоряя процесс клеточного старения тканей.

  1. Газированные напитки приводят к резистентности к инсулину

Необходимо дать пояснение по поводу резистентности к инсулину. Инсулинорезистентность — это сниженная чувствительность тканей к действию инсулина, она может развиваться при отсутствии каких-либо серьезных заболеваний. Инсулин — важнейший гормон, который выделяется в поджелудочной железе, и единственный гормон организма, снижающий концентрацию глюкозы в крови. Инсулин участвует во многих важных биологических реакциях, например, активирует образование белков в мышцах, поддерживает накопление жиров в печени, но именно регулирующий эффект в отношении глюкозы составляет основу его действия.

Чем опасна инсулинорезистентность?
Даже у людей без серьезных изменений в обмене веществ инсулинорезистентность запускает процессы раннего старения, также сегодня известно, что именно она связана с тяжелыми сердечно-сосудистыми патологиями и их опасными осложнения (инсульт, инфаркт, острые нарушения мозгового кровообращения, диабетическая нейропатия и пр.).

Многим женщинам, особенно среднего возраста, знакома проблема избыточного веса. Сбросить лишние килограммы практически невозможно, диеты не помогают. Самочувствие также оставляет желать лучшего. Между тем, возраст и скопление жировой ткани в области живота (так называемое абдоминальное ожирение, по центральному типу) — это два важнейших фактора, запускающих развитие инсулинорезистентности и поддерживающих ее усиление. В состав привычных для нас сладких газированных напитков входит большое количество глюкозы и фруктозы. Когда напиток попадает в организм человека, поджелудочная железа активизируется в связи с большим поступлением сахара, начинает вырабатывать инсулин в больших количествах, а данный процесс приводит к скачку уровня сахара в крови. Если пить сладкие напитки регулярно, уровень инсулина будет постоянно повышаться, это приведет к резистентности к инсулину, нарушении уровня метаболизма, а это в свою очередь может вызвать множество заболеваний от диабета до рака. Кроме того, регулярное употребление газировки способствует формированию ожирения.

  1. Газированная вода приводит к болезням сердца

Болезни сердца, также известны как сердечно-сосудистые заболевания или заболевания сердца и кровеносных сосудов. Эти болезни является убийцами номер один практически во всем мире. Сладкие безалкогольные напитки, становятся бомбой замедленного действия, особенно для людей до 45 лет. Ведь именно в молодом возрасте человек гораздо больше подвержен риску заболевания диабетом или ожирением. Болезни сердца включают также сердечные приступы, сердечную недостаточность, инсульты и другие. Вы можете жить с этим в течение многих лет и даже пережить несколько инфарктов, но это в конечном итоге может привести к инвалидности или тяжелой старости.

  1. Сладкие напитки повышают риск развития диабета

Как уже упоминалось выше, потребление газированных напитков может привести диабету. Во многих странах мира очень много людей умирают в результате диабета, заработанного потреблением подслащенных напитков. Каждый должен задуматься об этом и существенно уменьшить или вообще устранить такие напитки из рациона. В них нет никаких преимуществ для здоровья, а возможность снижения количества потребляемой сладкой жидкости уменьшит количество смертей на десятки тысяч ежегодно.

  1. Сладкие напитки приводят к болезни Альцгеймера
    Сладкие напитки могут увеличить риск развития болезни Альцгеймера!
  1. Газированные напитки приводят к тяжелым нарушениям мозга

Заменитель сахара аспартам (E-951) — компонент, входящий в состав некоторых продуктов и газированных напитков, возможно, наиболее спорный из всех веществ. Как сообщает медиапроект «Великая Эпоха», в анализе, опубликованном европейским «Журналом диетического питания», южноафриканские учёные оценили потенциальное воздействие на мозг не только одного из компонентов аспартама — метанола, но и других элементов (фенилаланина и аспарагиновой кислоты).

Анализ длинный и подробный и подтверждается более 50 ссылками на научные работы. В своём анализе воздействия фенилаланина авторы подробно описывают способность этого вещества нарушать химию мозга, включая его способность снижать уровень ключевых мозговых химических соединений, например, серотонина (что может неблагоприятно влиять на различные области, включая настроение, поведение, сон и аппетит). Авторы обращают внимание, что фенилаланин также имеет способность нарушать метаболизм аминокислот, функции нервов и гормональный баланс в организме. Они утверждают, что аспартам способен разрушать нервные клетки, и что это может даже вызвать болезнь Альцгеймера. Я не знаю как Вы, но этих плохих действий уже достаточно для нас, чтобы избегать газированных напитков, соков и энергетиков.

  1. Карамельный краситель, содержащийся в некоторых напитках, приводит к раку

Если Вы поклонник кока-колы, пепси, или любого другого напитка, Вы должны это услышать. Самые ужасающие и последние данные, опубликованные “Центром Науки в Интересах общества” в 2011 году утверждают, что краситель под названием “карамель”, использующийся в кока-коле и пепси, может спровоцировать рак. С тех пор Coca-Cola и Pepsi утверждают, что перешли на другие красители. Тем не менее, они все еще содержат опасные уровни химических веществ. Так что … Держись подальше от этих напитков!

  1. Сахар в газированных напитках вызывает привыкание к нему же

Сахар вызывает высвобождение гормона в головном мозге, который заставляет нас чувствовать себя хорошо. Наверное, Вы знаете какого-нибудь сладкоежку, так? Знайте, что он практически наркоман … Ученые все чаще сравнивают любителей сахара с наркоманами, предостерегая — сладости не только дарят мимолетное удовольствие, но и вызывают привыкание, в конечном счете, обращая Ваше здоровье в руины. Это именно тоже самое, как привыкание к кокаину!

  1. Газированные напитки уничтожат ваши зубы

Наверное, Вам уже известно, что ортофосфорная кислота, которая содержится в сладких газированных напитках, мешает усвоению кальция и может привести к остеопорозу — это кошмар для ваших зубов, а не только для костей. Доктор Чу Чун-хун, заместитель профессора семейной стоматологии из Гонконгского университета, и его коллеги недавно провели исследование среди учащихся младших классов и обнаружили, что зубы большинства из них подвержены эрозии, а также другим серьезным стоматологическим заболеваниям. Среди шестисот школьников в возрасте двенадцати лет почти у 75% были обнаружены зачатки эрозии. У каждого пятого ребенка нашли кариозные повреждения, половина из которых были не пролечены. Также для исследователей стало открытием то, что девочки больше подвержены кариесу, чем мальчики.

По словам специалистов, эрозия и кариес у школьников образовались из-за постоянного употребления продуктов с высоким содержанием кислоты. Родители детей подтвердили догадку ученых, сообщив, что примерно 20% детей довольно часто употребляют газировку и фруктовые соки.

Наверное это должно стать Вам и Вашим детям примером или уроком — пить газировку вредно!

Как отойти от этой вредной привычки? Изменить свою привычку. Возможно Вы любитель прогуляться во время работы до ближайшего автомата с этими напитками. Если это так, измените свой маршрут. Даже не смотрите на него, чтобы избежать искушения и минуйте свои регулярные точки покупки. Замените свой любимый напиток. Попробуйте заменить газировку на другой напиток, который не содержит сахара или искусственных подсластителей. Например, попробуйте травяной чай (мята, мелиса и другие травы), воду с полезнейшим соком лайма (лимона) или стакан домашнего молока, чтобы утолить свою жажду. Знайте свою цель. Назначьте день, когда вы не будете пить эти напитки. Поставьте себе цель: похудеть, набрать мышечную массу, излечиться от болезней и другие.

Свежие записи
Бүгін – Көрісу күні немесе «Амал» мерекесін «Аманат» партиясы «№2 Қалалық емханасы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл күні жасы кішілер ақсақал-әжелердің үйіне барып, көрісіп, ілтипат білдіреді. Жасы үлкендер кішілерге бата береді, бір-бірлеріне реніштерін кешіріп, «Бір жасыңмен» деп жатады. Амал келді, Жыл келді! Жаңа Жыл бақыт бастауы болғай! Көрісу күні құтты болсын!
2023 жылғы 15 желтоқсан күні №2 Қалалық емханасының бас ғимаратында 16 — желтоқсан “Тәуелсіздік күні” мерекесіне орай «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының «№2 қалалық емханасының» бастауыш партия ұйымынын төрайымы Ж.П.Тойшибекованың бастамасымен , еңбек тәртібімен және жұмыста озат нәтижелерге жеткен партия мүшелері марапатталды.