• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

«Өлкенің гүл жайнаған балғындары»

N2ҚЕ-да 1-маусым Халықаралық балалар күніне орай «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс-шара өтті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды»Балалар жылы» деп жариялады.
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және бақытты балалық шағы — еліміздің жалпы ұлттық міндеті.
Мерекелік іс-шараға жиналған болашағы жарқын бүлдіршіндерімізге N2ҚЕ-ның бас дәрігерінің Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Ә.Қ.Шорманова және Жамбыл облыстық МӘМС қоры филиалының бас сарапшысы Б.А.Есеналиева ізгі ниеттерін білдіріп, құттықтауларын жолдады.
Балаларымыз өз өнерлерін көрсетті. Ертегі елінен келген қонақтарымыз балаларымызға үлкен қуаныш сыйлады.
Мерекелік сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.

Свежие записи
МӘМС жүйесінде мәртебені 1 жылға қалай алуға болады?
Егер МӘМС бойынша мәртебеңіз жоқ болса, оны 1 жылға алдын ала алуға мүмкіндік бар.
🔹 Ол үшін:
– Өткен 12 айға жарналарды төлеу қажет
– Әр ай бөлек есептеледі
– Төлемді Kaspi, банк қосымшалары немесе eGov арқылы жасауға болады
🔹 Нәтижесінде:
– МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебе аласыз
– Тегін медициналық көмектің кеңейтілген пакеті қолжетімді болады
⚠️ Ескерту:
Жарналар уақытында төленбесе, мәртебе тоқтатылуы мүмкін.
📌 Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз!
Жеке кәсіпкер декреттік демалыста МӘМС жарнасын төлей ме?
Жеке кәсіпкер декреттік демалысқа ресми түрде шыққан жағдайда,
осы кезеңде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын төлеуден босатылады.
Аталған мерзімде жеке кәсіпкер
сақтандырылған тұлға мәртебесін сақтайды және
медициналық қызметтерді МӘМС жүйесі аясында ала алады.
Декреттік демалыс
әлеуметтік төлем тағайындалуы арқылы рәсімделуі тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін
тіркелген медициналық ұйымға жүгінуді ұсынамыз.
2026 жылғы 9 қаңтарда, пациенттерге қажетті көмекті тез және үйге жақын жерде алуға мүмкіндік беруге, кедергілер мен шығындарды азайтуға , тез сапалы көмек көрсету үшін Шолдала ауылдық округіне қарасты «Береке» массивінде маңызды әлеуметтік нысан — БМСКК «Шолдала» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы өз жұмысын бастады