• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын еркін таңдау бойынша тіркеу науқаны басталды.

Екі айға созылатын дәстүрлі кампания қарашаның 15-інде аяқталады. 2021 жылы тараздықтардың 17 бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелу мүмкіндігі бар.
Тіркеу науқаны кезінде азаматтар өзі тұратын аумақтағы мемлекеттік қана емес, жекеменшік клиникаларға да тіркеле алады. Биыл науқан барысында емхана ауыстырған азаматтар өзі таңдаған емдеу мекемесінің қызметін 2022 жылдан бастап пайдаланады. Бірақ емхана ауыстыру міндетті емес. Бұрынғы емхана қызметіне көңілі толатын азаматтар әрі қарай да сол клиниканың қызметін пайдалана берсе болады.
Емхана екі жағдайда өзін таңдаған азаматты тіркемеуі мүмкін. Біріншісі – азамат емхана көмек көрсете алатын аумақтан айтарлықтай алыс жерде тұрса, екіншісі – мекемеге тіркелушілер саны шектен асса. Қолданыстағы нормативке сәйкес, учаскедегі жалпы тәжірибе дәрігеріне тіркелетін адам саны 1 700-ден аспауы тиіс. Сондықтан емхананы таңдаған кезде мыналарды ескеру керек:
Бірінші кезекте таңдаған емханаңыз міндетті түрде медициналық қордың негізгі базасына тіркелген болуы тиіс. Себебі, осы базаға тіркелген ұйымдар ғана болашақта екі пакет бойынша азаматтарға жоспарлы, керек жағдайда төтенше көмек көрсете алады. Екіншіден, азаматтар өзі таңдаған мекеменің тұратын жеріне қаншалықты жақын екенін ескеруі керек. Бұл дәрігерлердің тұрғылықты мекенжай бойынша бара алуы үшін маңызды. Әсіресе, коронавирус пандемиясы кезінде.
Биыл денсаулық сақтау министрінің 28-шілдедегі бұйрығы негізінде емханаға тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілген еді. Жаңа бұйрыққа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары емханаға тіркелу үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс.
Олар тіркелу үшін емхананың тіркеу бөліміне барып өтініш жазады. Мекеменің медициналық сақтандыру қорына тіркелген-тіркелмегенін www.fms.kz ресми сайтына кіріп, қарауға болады.

Свежие записи
🏆 Ұлттық спорт күні құтты болсын! Спорт – денсаулық кепілі, ал бірлік пен жігер – жеңістің бастауы. Бүгінгі спорт күніне орай ұйымдастырылған сайыстарда барша қатысушылар өз күш-жігерін, ептілігі мен төзімділігін көрсетті 💪 Әрбір жеңіс – үлкен еңбектің нәтижесі! Белсенділік танытып, қатысқан барлық жандарға алғыс білдіреміз 🙌 Салауатты өмір салтын бірге ұстанайық! Спортпен дос болайық! 🏃‍♂️ #Наурыз2026 #СпортКүні #СалауаттыӨмірСалты #ҰлттықОйындар #АрқанТарту БірлікБарЖердеЖеңісБ
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мерекесі 🌿 Табиғат түлеп, жаңа өмір басталатын бұл күн – әр шаңыраққа қуаныш пен молшылық әкелсін! Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын! Жүректеріңіз мейірімге толы, дастархандарыңыз берекелі болсын 🤍 Әр күндеріңіз шаттыққа, әр істеріңіз сәттілікке толы болғай! Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын ✨ Наурыз құтты болсын! #Наурыз #ҰлыстыңҰлыКүні #Береке #Көктем #Жаңару Қуаныш Қазақстан 🌷