• Адрес
    г. Тараз, микрорайон Салтанат, д.29а
  • Call-центр (вызов на дому)
    55-67-04
  • Регистратура
    54-20-21
  • Cправочная
    54-01-80
    54-20-34
  • Детская регистратура
    54-39-60
  • Гинекология
    54-20-40
Қазақ тілі KK Русский RU

N2 қалалық емхананың СӨС медбикесі С.А.Ыбырайымова пациенттер арасында «Скрининг туралы не білеміз» тақырыбында әңгіме жүргізді.

N2 қалалық емхананың СӨС медбикесі С.А.Ыбырайымова пациенттер арасында «Скрининг туралы не білеміз? тақырыбында әңгіме жүргізді.
СКРИНИНГ-бұл қауіпті факторларды және ауруды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу.
Скринингке келген пациенттерге
-антропометриялық өлшемдер, (бойы,дене салмағы,бел өлшемі)
-артериялық қысымды өлшеу,
-қандағы қант және холестерин мөлшерін анықтау,
-көзішілік қысымын өлшеу,
-нысаналы топтарға байланысты жатыр мойнының сүртіндісін цитологиялық зерттеу, сүт бездерін маммографиялық зерттеу,
-ерлер мен әйелдерді тік ішек ауруын ерте анықтауда нәжісті жасырын қанға тестілеу өткізілетіні түсіндірілді.
Ақпараттық мәліметтері бар парақшалар таратылды.
Егер Сізді СКРИНИНГКЕ шақырса — өтіңіз!
Жыл сайын әрбір азамат- ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН өтуі тиіс!

Свежие записи
Үнемі шаршау, бас айналу, көздің қарауытуы немесе шаштың көп түсуі мазалай ма? Бұл ағзадағы темір тапшылығы немесе қан жүйесіндегі өзгерістердің белгісі болуы мүмкін.
Өз денсаулығыңызды кейінге қалдырмай, гематолог қабылдауына жазылыңыз. Уақытылы тексерілу – денсаулық кепілі. 💙
1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енлі.Бұл – еліміздің дамуына жаңа серпін беретін, заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды құжат. Конституцияда адам өмірі мен денсаулығы ең жоғары құндылықтардың бірі ретінде айқындалған. Сондықтан әрбір азаматтың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуы, денсаулығын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Дені сау ұлт – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының негізі. Халық денсаулығын сақтау – баршамызға ортақ міндет әрі жауапкершілік. 🇰🇿